Жүктілік кезіндегі жайсыздық пен олардың алдын алу

 Жүрек айну және құсу 

Жүрек айну мен құсу әдетте 1-айда басталады және көпке ұзамайды.

  • Күніне 5 мезгіл тамақтану керек;
  • Сұйықтықты тамақтану кезінде емес, тамақтанудың аралығында ішіңіз;
  • Майлы және ащы тамақтан бойыңызды аулақ ұстағаныңыз жөн;
  • Үйдің ішінде жағымсыз иіс болдырмауға тырысыңыз;
  • Дәрілерді тек қана дәрігердің рұқсатымен ғана ішіңіз.

  Continue reading

Advertisements

Бұндай да ән болады екен-ау…

  Баратын жеріме тез жету үшін қаладағы көп көліктің бірін тоқтаттым. Ананы-мынаны ойлап келе жатқанмын, кенет ойымды үнтаспадағы ән бөліп жіберді.

“Қатын алсаң қазақтан,

Құтылмайсың азаптан…”

  Сұмдық-ай, осындай да ән болады екен-ау!!! Жігіт тіпті көңілдене ән салуда. “Қандай адам өзі,а?” деп, қатты ашуланып кеттім. “Төбесінен қойып қалар ма ед бейбақтың… Бұл әнді тыңдап отырған жүргізуші де…” – деп отырған орнымда тыпыршып кеттім. Уф, ән көп ұзамай аяқталды. Шамасы, соңғы жағын ғана құлағым шалып қалған-ау…

РыСы: Бұндай “әнді” сіз де естіп жатсаңыз, таң қалмаңыз. 

Духовкада піскен балық

  Сәлем, достар! Бұл жолы да балықтан жасалатын тағам түрін ұсынбақпын. Бұрын балықты майға қуыратынмын, бір күні анам балықты духовкада пісіруге болатынын айтты. Содан өзімше дайындап көрдім. Керемет дәмді болды! Содан кейін қуырылған балық жемейтін болдық. Соның дайындалуын сіздерге айтып берейін.

   Бұл жолы тазаланған балық сатып алдым. Менің балығымның көлемі үлкендеу болды. Қақ ортасынан екіге бөлдім.

     Әуелі балықты тазалап жуамыз. Суын сорықтырамыз. Continue reading

Жасанды түсік. Туылмаған сәби

  бақКөрші палатада ауыр халде бір келіншек жатты. Былай-былай өткен сайын қарап өтемін. «Баласын түсіріп алған-ау» деп ойладым. Жаным ашыды. Медбикеден сұрауға біраз қысылдым. Ақыры сұрадым.

–         Түсік тастады ма? – дедім әлгі келіншекті нұсқап.

–         Иә, – деді ол.

–         Бала дамымай қалған демеші тек, – дедім шыдамым таусылып.

–         Жоқ, – деп басын шайқады.

–         Енді? Алдыртып тастады ма, түсіп қалды ма? – дедім жаным шығып.

–         Алдыртып тастады…

  Көңілім түсіп кетті. Әлгі әйелге деген аяушылық сезімім бірден жеккөрушілік сезімге ұласты. Ойымды сан сұрақтар мен ойлар мазалай берді. Әлгі әйелді көрген сайын терең ойға түсіп кете беремін. Continue reading

Киім жуғанда мына белгілерге назар аударамыз ба?

         Бұрын бір көйлек сатып алдым да, ештеңесіне қарамай жуа салдым. Сөйтіп кейін кимекші болсам, көйлегім қысқарып қапты.))) Ішімнің күйгені-ай… Содан кейін киімді жуар алдында киімнің іші-сыртында не бар, не жазылған деп үңіле қарайтын болдым. Жақында тағы бір жаңа киім сатып алдым. Сол киімімді жуайын десем, таныс емес белгілер. Бар кеңесшім күйеуімнен сұрадым.)) Енді қайтейін?.. Әп-сәтте интернетті қарады да, тауып берді. Бұл жолы оған тағы да рахмет айтамын.)) Енді соны қазақшалап, сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.  Мүмкін қажеті боп қалар… Бұл, әзірге, киімді жууға қатысты белгілер. Үтіктеуге, тазалауға қатысты белгілермен кейін тағы таныстыра жатармын.  Continue reading

Голубцы дайындап білеміз бе?

Мен голубцыды оңай әрі тез дайындадым. Оған көп нәрсе қажет емес. Менің бір әдетім (мүмкін жаман) ингредиеттерді жобамен саламын, оның мөлшерін есептеп жатпаймын. Сонымен голубцы дайындау үшін мына нәрселер керек:

  • фарш
  • тұтас орамжапырақ
  • піскен күріш 1 кесе 
  • сәбіз 2-3 дана
  • пияз 1 дана
  • жұмыртқа 1 дана
  • қара бұрыш
  • тұз Continue reading

Қарапайым пицца

Соңғы кездері пицца ас мәзірімізге еніп, жиі тұтынатын, сүйіп жейтін тағамымызға айналды.  Негізі осы пиццаның арғы түп-төркіні – Италия, тіпті Ежелгі Грекия да болуы мүмкін делінеді. Пиццаға әркім қалағанын қоса береді. Ең басты ингредиенті – ірімшік (сыр). Мен де пиццама қалаған және қолда барымды қостым. Дайындалу тәсілін интернеттен не кітапшаларды ақтарып қарағаным жоқ. Нан илегем, соның кішкентай бөлігіне пицца дайындай қойдым. Continue reading

Балықтан бешбармақ!

Бұған дейін дүкендерден тазаланған балық сатып алатынмын. Тазаланған балықтың бағасы тазаланбағанынан екі есе қымбат. Содан (жолдасым айтып қоймаған соң) алып көрейін дедім. Оның үстіне балықтан тамақ жиі дайындайтын болған соң үнем болсын дедім.  Бұрын үйде шешеміздің балық тазалап жататынын көретін едім. Содан сатып алған балығымды тазалауға көштім. Балық шіркін піссе тәтті де, піспеген күйі иісі жаман, қолға, ыдысқа сіңіп қалады. Сонымен балық тазалаудан бастайық. Continue reading

13-вагонның жолсеріктері… немесе қайырымды жолсеріктер

Шетпе станциясы. Түнгі сағат 11. Ақтау-Атырау поезын күтіп тұрмыз. «Аты жоқ арба» да сонау жерден «ән» сап кеп тоқтады. Жолсеріктер әйел адам екен. Вагонға мініп, тиісті орныма келсем, еңгезердей 3 кісі отыр. «Жетпегені осы ед» дедім ішімнен. Орын ауыстыратын адам іздедім. Ешқайсысының орын ауыстырғысы келмейді. Ақтаудан мінгендер ұйықтап қалған. Жолсеріктерге айтсам: «өзің келіспесең, біз ешкімді орнынан тұрғыза алмаймыз», – дейді. Вагонда ер адамдар көп.  «Біз адам жемейміз», «Еркектерден қорыққан несі?» деп күледі әрқайсысы әр жақтан, біреуі тіпті купесінен басын шығарып. Жылағым кеп келді. Тіпті көзіме жас келді. Не істесем екен деп басым қатты. Сырт киімімді де шешпей, дәлізде тұрдым да қойдым. Дәліз көк түтін. Иістен тұру да мүмкін болмай кетті. Continue reading

Бұл сайлау кімдікі?..


Саммит… Ақ азиада… Референдум… Сайлау…

Бұл туылған төртем туралы журналистер ғана емес, қарапайым адамдар да «әу» деп жатыр. Ия, «әу» демейтін қазақ жоқ». «Саяси қойылым»» дейміз  бе, «саяси ойын» дейміз бе, әйтеуір бұлар туралы айтылып жатқан пікір көп. Жазылып жатыр, жазылып жатыр…

Көктем келді. Сәуірдің де ауылы алыс емес. Қазақ «сәуір болмай, тәуір болмас» дейді. Иәәә…. Тәуір бола ма, жауыр қыла ма, оны алдағы уақыт көрсетпек. Себебі белгілі, алда – сайлау!.. Continue reading